Түйе арқалап, артында үш көлік сүйреген қазақ Гиннесс рекордтар кітабына енді

«Qazaq titan» (лақап атты) қазақстандық стронгмен Алмат Жұманов кезекті рекорд орнатып, Гиннесс кітабына атын тағы бір мәрте жазды, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Титан» лақап атынан бөлек Қажымұқан атанып кеткен Алмат Жұманов бұл жолы арқасына 280 келі түйені көтерген алып, 4 тонна 68 келі болатын үш көлікті 13 метр жерге дейін сүйреді.

Мұндай сынақты Алматтың өзі ойлап тапқан екен. Ал оған бір айдай уақыт дайындалыпты. Түйе көтеру қалыпты болғаннан кейін, осындай жаңа әрекетке бардым деп отыр.

7c78f7ea2e459ef258010647d82d2540

Айта кетейік, Алмат бұған дейін 108 тонналық пойыз вагондарын тартып рекорд орнатқан еді.

8561c086a3dfba86bf1be5e7413b94e7

Сонымен қатар Айдын Нұржұмаұлы да елді елең еткізер әдіспен көлік тартып өз атын рекордтар кітабына қалдырды. Төс сүйегіне ілгіш іліп неміс автомобилін 63 метр жерге сүйреген азамат бұл әдіс үшін талай еңбек еткенін де атап өтті. Өйткені, төс сүйегімен небәрі 10-15 келі салмақты ғана тартуға болады екен.

Осылайша, қазақтың қос алыбы өз есімдерін Гиннесс кітабына жазып, енді жаңа белестерді бағындыру үшін ары қарай да шыныға береміз деп отыр.

Back to top button