Жаңалықтар

Химиялық зауытта жарылыс болды

ашық дереккөзі

Химиялық зауытта жарылыс болды

Жексенбіде Иранның Кум қаласындағы химиялық зауытта жарылыс болып,  арты өртке ұласты. Салдарынан алты адам жарақат алған.

Fars сайтының хабарлауынша, апат "Молдан" компаниясында болған. Өртті сөндіру үшін шамамен 150 өрт сөндіруші және 20 техника жұмылдырылған. Күшті жалыннан екі өрт сөндіру машинасына зақым келгені айтылады.