Ауа райына болжам: Қатты жел тұрып, шаңды дауыл көтеріледі

Ауа райына болжам: Қатты жел тұрып, шаңды дауыл көтеріледі

Ауа райына болжам: Қатты жел тұрып, шаңды дауыл көтеріледі
ашық дереккөзі
Еліміздің кей аймақтарында қатты жел тұрып, шаңды дауыл көтеріледі. Қазгидромет 4 мамырға ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. "Тек солтүстік-шығыс және батыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей жерлерде жаңбыр жауады, батыста кей жерлерде найзағай ойнайды. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, түнде және таңертең солтүстікте тұман болады", - деп хабарлады синоптиктер.