Жаңалықтар

Бүкіләлемдік банктің басшысы қайта сайланды

ашық дереккөзі

Бүкіләлемдік банктің басшысы қайта сайланды

Бүкіләлемдік банктің Директорлар кеңесі ​Джим Ен Кимді ұйымның президенті лауазымына лайықты деп тапты. Бұл туралы аталмыш банктің сайтында жария етілді, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі. Ол қызметіне 2017 жылдың 1 шілдесінде кіріседі. Қазір ​Джим Ен Ким Бүкіләлемдік банктің президенті болып істейді, ол лауазымға 2012 жылы 1 шілдеде тағайындалған. Ол  2012 жылы Роберт Зелликтің орнына келген еді, бұрынғы басшы 2007 жылдан бері банкті басқарған. Еске сала кетсек, тамыз айында Бүкіләлемдік банктің қызметкерлері Financial Times газетіне үндеу жариялады, онда олар ұйым президенті Кимді орнынан алып тастауды ұсынды.