Қуат Хамитов келесі жекпе-жегінің уақыты мен қарсыласының кім болатынын айтты

Қуат Хамитов «Найман» (20-6-1) жазда октагонға оралады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

Сонымен қатар Қуат Хамитов келесі қарсыласының аты мен жекпе-жек күнін жариялады.

Оның келесі қарсыласы украиндық Антон Радко (12-6) болады. Жекпе-жек 19 маусымда Атырауда өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы рет «Найман» қаңтар айында Магнитогорск қаласында (Ресей) бірінші раундта ресейлік Максим Пантелеевті нокаутқа жіберген еді.

Back to top button