Шымкентте жоғалған үш жасар қыз табылды

Шымкентте жоғалған үш жасар қыз табылды

Шымкентте жоғалған үш жасар қыз табылды
ашық дереккөзі
Шымкент полицейлері жоғалған 3 жасар қызды тапты, - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі, - деп хабарлайды sputnik.kz. 2 мамырда Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Анасы сағат 13:00 шамасында үйден шығып кеткен қызынан көз жазып қалғанын айтқан.
"Іздестіру шараларына департаменттің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. 500-ден астам тәртіп сақшылары аулалардың аумағын тексеріп, тұрғындардан сұрады. Қызды іздеу кезінде кинологиялық қызметтің қызметтік иттері де тартылды", - деп нақтылады полициядан.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде кешкі сағат 22:10-да патрульдік полиция полкінің қызметкерлері "Отырар" шағын ауданынан бір шақырым жерде жоғалып кеткен қызды тауып, оны ата-анасына, үйіне жеткізді.