Коронавирус: тағы екі өңір «қызыл» аймаққа кірді

3 мамыр, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Коронавирус: тағы екі өңір «қызыл» аймаққа кірді Коронавирусқа қатысты өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. 3 мамырдағы мәлімет бойынша: «қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар, Жамбыл, Алматы облыстары орналасқан. «Сары» аймақта – Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары тұр. «Жасыл» аймаққа – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген. Еске салсақ, Шымкент қаласы 28 сәуірде «қызыл» аймаққа кіріп, кейін «сарыға» ауысқан еді. Сонымен қатар кеше ғана «сары» аймақта болған Жамбыл облысы «қызылға» өтті.