Полицияға қару тапсырған ақмолалықтарға 4 млн теңге сыйақы төленді

Полицияға қару тапсырған ақмолалықтарға 4 млн теңге сыйақы төленді

Полицияға қару тапсырған ақмолалықтарға 4 млн теңге сыйақы төленді
ашық дереккөзі
Ақмола облысында тұрғындардан тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акция өтуде. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ақмолалықтар полицияға ерікті түрде қару-жарақ заттарын тапсырғаны үшін қарудың түріне қарай әр данасы үшін 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сомада төлем алады. «Акцияның мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу. Сондай-ақ, бұл азаматтарға бірнеше санат бойынша бағаланатын ерікті түрде тапсырылған қару бірлігі үшін қосымша ақшалай сыйақы алуға мүмкіндік береді», – дейді ведомстводан. ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, акция барысында 10 күннің ішінде өңір тұрғындары полиция бөлімшелеріне жалпы құны 4 миллион теңгеден астам сомаға 72 қару тапсырды, оның ішінде 60 тегіс ұңғылы, 10 – ойық, 2-травматикалық. «Қазіргі кезде тапсырылған қарулар департаменттің жедел – криминалистикалық басқармасында баллистикалық сараптамадан өткізілуде. Зерттеу нәтижелері бойынша азаматтарға ақшалай қаражат төленеді», – деп толықтырды ведомстводан.