Оралда саябақтағы аттракционнан сегіз бала құлап, ауыр жарақат алды
3 мамыр, 2021 /
Асыл ТҰМАР
Оралда саябақтағы аттракционнан сегіз бала құлап, ауыр жарақат алды
Оралда қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы аттракционда әткеншектен сегіз бала құлап, жарақат алды.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 2 мамыр күні кешкісін болған.
«Жедел жәрдем сағат 19.36-да шақырылды. Барлығы 8 бала зардап шекті: 2014 жылғы қыз баланың денесі, жіліншігі көгерген. 2016, 2013, 2011 және 2012 жылғы екі ұл, сондай-ақ 2012, 2013 жылғы қыз балалар жабық бас-ми жарақатын алып, милары шайқалған. Оған қоса 2011 жылғы ұл баланың жіліншігі сынған. Бәрі де облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.