Еліміздің 8 өңірінде ескерту жарияланды

Еліміздің 8 өңірінде ескерту жарияланды

Еліміздің 8 өңірінде ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК 3 мамырда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Қостанай облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел, солтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 артады. Түркістан облысында кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, жекелеген аумақтарда жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысында кей жерлерде найзағай болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысында түнде кей жерлерде 1 градус үсік күтіледі. Күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с артады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші жекелеген аумақтарда 23-28 м/с жетеді. Қарағанды облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Түнде кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік сақталады. Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. 4-5 мамырда желдің екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.