Кәсіпкер 10 отбасыға баспана сыйлады

Кәсіпкер 10 отбасыға баспана сыйлады

Кәсіпкер 10 отбасыға баспана сыйлады
ашық дереккөзі
Алматы облысы Балқаш ауданы Бірлік ауылында 10 отбасы баспаналы болды, - деп хабарлайды NEGE.KZ. «Қайырымды істер марафоны» акциясының аясында «Бірлік АЖА» ЖШС басшысы Жандос Әбдіжаппаров аталмыш агрофирмада 20 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан ауыл тұрғындарына баспана сыйлады. Жандос Әбдіжаппаров 2020 жылы «Асыл жүрек» номинациясының иегері атанған. Ол осыдан 3 жыл бұрын ауыл тұрғындарына 7 баспана сыйлаған.