«Германияда Қазақстандағыдай еркіндік жоқ». Тарихи отанына көшкен неміс отбасы қазақ жеріне қайта оралды

«Германияда Қазақстандағыдай еркіндік жоқ». Тарихи отанына көшкен неміс отбасы қазақ жеріне қайта оралды

«Германияда Қазақстандағыдай еркіндік жоқ». Тарихи отанына көшкен неміс отбасы қазақ жеріне қайта оралды
ашық дереккөзі

Біраз жыл бұрын Қарағандыдан Германияға қоныс аударған Владимир Тауберт елге қайтып оралды. Неміс Отбасы бүгінде жол бойынан асхана ашып, мал өсіріп, онға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».   Владимир Германияда өткен 4 жылында Қазақстанды сағынғанын айтады.

«Германияда біз бір үйге қамалдық та қалдық. Еркіндік жоқ. «Өз үйім – өлең төсегім» дегенді сол кезде ұқтым. Қазағымның жерінде өзімді еркін әрі рахат сезінемін. 4 жылға жуық уақыт тұрдық та, әйеліме «елге қайтайық» дедім. Оның да күткені сол екен, қуана келісті. Германиядағы туыстарымыз аң-таң боп қалды, біз нағыз көшпенділер сияқты, жиналдық та көшіп кеттік», - дейді Ошағанды ауылының тұрғыны Владимир Тауберт.

Владимирден кейін жалғыз ұлы да елге қайта оралады. Бүгінде жол бойынан асхана ашып, мал өсіріп, онға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. «Қазақстандағы бірлік пен береке әлемнің басқа еш бір елінде жоқ», - дейді олар.

«Қайтып айтарымды да білмеймін. Ішімде бір сағыныш тұрып алды. Германияның маған климаты да, ауасы да жақты. Бірақ үйге қайтқым келді де тұрды. Барлық туыстарым сол жақта аң-таң болып қалды. Германияға тек қонаққа баруға болады, бірақ өмір сүру үшін Қазақстан жақсы», - дейді Владимирдің жары Эльвира Тауберт.

Ошағанды ауылының іргесі 1908 жылы неміс босқындары келе бастаған кезде құрылған. Қазір мұнда 500-ге жуық түтін бар. Жақында көшелерге жарық шамдар тартылып, су құбыры салынған. Владимир болса, ауылда қаңырап қалған тағы бірқатар нысанды жөндеп, қонақ үй ашпақ. Осылайша ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуды қалап отыр.