«Бізде 500 мың теңгеден астам жалақы алатын мұғалімдер бар» – министр

«Бізде 500 мың теңгеден астам жалақы алатын мұғалімдер бар» – министр

«Бізде 500 мың теңгеден астам жалақы алатын мұғалімдер бар» – министр
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, еліміздегі ұстаздар қауымының 99 пайызының айлық жалақысы өсті. Бұл туралы министр белгілі кәсіпкер Арманжан Байтасовтың Baitassov Live YouTube-каналына берген сұхбатында мәлім етті. «Ұстаздар жалақысында айтарлықтай өсім бар. Магистр дәрежесі үшін әр маман 29 мың теңге қосымша ақы алып отыр, жетекшілік үшін де үстемеақы бар, дәптер тексергені үшін төлемдер екі есе көбейді. Категориясы болғаны үшін төлемдер бар. Жоғары категориялы мұғалімдер жалақысының 50 пайызы мөлшерінде үстемеақы алады. Бізде 500 мың теңгеден астам жалақы алатын мұғалімдер бар. Бәрі де жүктемеге байланысты, мәселен, бір маман аптасына 18 сағат жұмыс істесе, ол – төменгі ставка, ал енді бір мұғалім одан анағұрлым көбірек жұмыс істеп, сәйкесінше көбірек жалақы алып отыр. Жалақы едәуір өсті әрі алдағы уақытта да өсе бермек. Келесі жылы біз мұғалімдердің жалақысын тағы 25 пайызға көбейтетін боламыз. Біз мұғалімдердің табысы орта республикалық табыс көлемінен кем болмағанын қалаймыз» деді Асхат Аймағамбетов.