Қазақстанның тағы бір аймағы «қызыл» аймаққа өтті
2 мамыр, 2021 /
Гафура Асқарқызы
Қазақстанның тағы бір аймағы «қызыл» аймаққа өтті
Алматы облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында «қызыл» аймаққа енді.
Ал Атырау облысы, керісінше, «қызылдан» «сары» аймаққа өтті.
Осылайша, «қызыл» аймақтағылар: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.
«Жасыл» аймақта: Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.