Қытайда ұшақ желдің күшінен шыр айналды

Қытайда ұшақ желдің күшінен шыр айналды

Қытайда ұшақ желдің күшінен шыр айналды
ашық дереккөзі
Қытайда күшті желдің салдарынан әуежайда тұрақта тұрған ұшақ бір орнында шыр көбелек айналған. Оқиға Нантонг округінің әуежайында болған. Бірақ одан ешкім зардап шекпеген. Ол кезде ұшақта жолаушы болмаған. Ұшақ Қытайдың Donghai Airlines авиакомпаниясына тиесілі екен. Тасымалдаушы компания өкілдері лайнерге зиян келмегенін, оның толық жұмыс істейтінін айтты. Одан бұрын Қытайдың Нантун (Цзянсу провинциясы) қаласында да қатты дауыл соғып, найзағай ойнаған. Кейбір аудандарда диаметрі үш сантиметрге дейін жететін бұршақ жауып, желдің жылдамдығы секундына 45,4 метрге жетті. Табиғи апат 11 адамның өмірін қиып кеткен.