Мейрамханада тамағын тауыспағандар айыппұл төлейді

Енді Қытайдағы мейрамханаларда тамағын тауыспағандарға айыппұл салынады, – деп хабарлайды globaltimes.cn.

Ел парламенті азық-түлік ысырапшылдығына қарсы күрес туралы заң қабылдады. Енді мейрамхана иелері тым көп тағамға тапсырыс беріп, оларды жемеген қонақтарға айыппұл сала алады.

Оған қоса көп тапсырыс беруге үгіттейтін мейрамханалар да айыппұл арқалайтын болады.

Заң онлайн өмірді де назардан тыс қалдырмады: блогерлерге бір отырғанда бір килограмм тамақ жейтін челлендждерді түсіруге тыйым салынды. Мұндай бейнежазбаларды түсіріп, таратқаны үшін авторға 100 мың юань (6 миллион теңгеден астам) айыппұл салынуы мүмкін.

Back to top button