Кепілге алынған қырғыз азаматтары босатылды

«Тәжікстанда кепілге алынған қырғыз азаматтары өз еліне оралды. Баткен облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Интернационал ауылының басшысы бастаған 10 қырғызстандық 30 сәуірде кепілге алынған», − деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сондай-ақ, Тәжікстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Иброхимзода Нозимның мәлімдеуінше, Қырғызстан мен Тәжікстан ІІМ басшылығы арасындағы келіссөздер нәтижесінде кепілге алынған қырғыз азаматтарымен бірге Қырғызстанға тиесілі 1 УАЗ автокөлігі де қайтарып берілген.

Қайтыс болғандар саны үнемі жаңартылып жатыр, қазірдің өзінде қырғыз жағынан 33 адамның қаза тапқаны белгілі болды.

Бүгін екі елдің мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары атысты тоқтату және әскерлерді шығару туралы келісімге келіп, мамандар шекараны белгілеумен айналысып жатыр.

Back to top button