Қырғыз елінде қақтығыстан қаза тапқандардың саны 31 адамға жетті

Қырғыз елінде қақтығыстан қаза тапқандардың саны 31 адамға жетті

Қырғыз елінде қақтығыстан қаза тапқандардың саны 31 адамға жетті
ашық дереккөзі
Ғасырлар бойы ауылы аралас, қойы қоралас өмір сүріп келе жатқан Орталық Азия елдері арасында соңғы кезде кикілжіңдер жиі бой көрсетіп қалатын болды. Оның түрлі себебі бар... 28 сәуірде тәжік елі азаматтары Ак-Суу өзенінің жағасынан шекараға жақын жерде қиыршық тас жинай бастаған. Сосын олар Қырғызстанның Баткен ауданындағы "Головной" тоғаны жанындағы электр бағаналарға бейнебақылау камераларын орнатқан. Ұзамай екі жақтан 150-дей адам жиналып, бір-біріне тас лақтырған. Кейін жағдай тынышталған соң тәжіктер бейнекамераларды алып тастайтынын айтса да, уәдесінде тұрмады. Ертесіне қақтығысқа екі жақтың әскерилері араласып, бір-біріне түрлі құралдардан оқ жаудырған. Жалпы екі жақтан 140-қа жуық адам зардап шеккен. Қырғыз жағынан 31 адам қаза тапқан (ішінде әскерилер де бар). Беймезгіл көз жұмғандардың арасында 12 жасар Мадина Рахматжанова атты қыз бар... Даудың басы 1968 жылы салынған, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстанның шекаралас қалалары мен аудандарының жер суландыру жұмыстарына арналған су тарату пункті. Тәжіктер 1924-1927 және 1989 жылдардағы карталарға сәйкес гидроқұрылыс олардың еліне тиесілі деп санайды.