Жапонияда жер сілкінгенде өздігінен көтерілетін үйлер салынып жатыр

Жапонияда жер сілкінгенде өздігінен көтерілетін үйлер салынып жатыр

Жапонияда жер сілкінгенде өздігінен көтерілетін үйлер салынып жатыр
ашық дереккөзі
Жапонияның инженер-архитекторлары сейсмикалық аймақтарға үй салудың жаңа моделіне көшті, - деп хабарлайды adyrna.kz. 
Елдегі "Air Danshin" компаниясының ғалымдары мен мамандары жер қозғалғанда аспанға көтерілетін үйдің конструкциясын жасап шығыпты. Үйдің іргетасына сенсорлық құрылғылар қойылған. Бұл құрылғылар жер қозғалған уақытта толқындардың жиілігін фиксациялап, жоғары жүйелерге сигналдар жіберіп, жердің қозғалып жатқанынан хабардар етеді. Дәл осы сәтте сигналдардың жиілігін қабылдаған қуатты компрессорлар ғимарат пен фундамент арасындағы жаймаға (подушка) үлкен күшпен ауа жібереді. Бұл процесс небәрі 5-7 секундтың ішінде ғана іске асады. Себебі, ғимарат қирап қалмау үшін процестің орындалуын мамандар осылай тез жетілдіріп, қамтамасыз еткен.
Қуатты компрессормен үрленген жастықша немесе жайма 5-7 секундтың ішінде ғимаратты 4-5 см жоғары көтереді. Осының өзі ғимаратты қиратпай, адамдардың өмірін сақтап қалуға толық жеткілікті болады. Жастықшалар ауаны жеткілікті көлемде қабылдап, ғимаратты жер сілкінісі тоқтағанша ауада көтеріп тұрады. Жастықшамен бірге ғимараттың өзі де жердің тербеліс амплитудасымен бірге ауада қозғалып тұра береді. Бұл ғылыми өнертабыс ғимараттарды 7-9 балдық жер сілкіністерінен де қорғап қала алады.