Алматыда вакцина куәлігін қолдан жасап сатқандарды журналистер әшкереледі (видео)

Алматыда вакцина куәлігін қолдан жасап сатқандарды журналистер әшкереледі (видео)

Алматыда вакцина куәлігін қолдан жасап сатқандарды журналистер әшкереледі (видео)
ашық дереккөзі
Вакцина алғанын растайтын куәлікті медицина қызметкерлері  қолдан жасап, сатып жатқаны туралы ақпарат қызу талқыланып жатыр. Аталған деректі 1tv.kz журналистері зерттеп көрді. Журналистер вакцина куәлігін қолдан жасап сататын, өзін менеджер Ажар деп таныстырған әйелге 15 мың теңгемен қоса, жеке куәліктің көшірмесін жіберген. 20 минуттан соң әлгі әйел куәлік иесінің вакцинаның алғашқы дозасын алғанын растайтын анықтаманың монитордағы фотосын жіберген. Осыдан кейін тілшілер полициямен бірге анықтама сатуды кәсіп қылған пысықайларды ұстауға барған. Ажар – декретте отырғанына 2 жыл болған әйел екен. Оған дейін қалалық емханада медбике болып жұмыс істеген. Оның телефонынан бірнеше адамдардың куәлігінің көшірмесі  табылған. Соған қарамастан, Ажар анықтама сатқанын бірден мойындамаған. https://www.youtube.com/watch?v=OmttufUs9xg&t=6s&ab_channel=%D0%9F%D0%B5%D1%80%D0%B2%D1%8B%D0%B9%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D0%95%D0%B2%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%B8%D1%8F «Мен ақша мен куәлік көшірмелерін дәрігер Индираға жіберіп отырдым. Ол базаға адамдардың деректерін енгізіп отырды. Кеше ол маған хабарласып, ақшаны иесіне қайтарып беруім керек екенін айты. Сосын ол туралы еш жерде тіс жармауымды сұрады. Тіпті екеуміз таныс екенімізді айтпауым керек екен. Бұл менің менің вакцина алғаны туралы анықтаманы жасауға бірінші рет қатысып отырғаным» деп ақталды Ажар. Оның айтуынша, ол тек арада делдал болған.