Жаңалықтар

«Коронавирус көші». Түркияда 17 күндік локдаун басталды

ашық дереккөзі

«Коронавирус көші». Түркияда 17 күндік локдаун басталды

Түркияда 17 күндік локдаун басталды. Режимнің мақсаты қауіпті індет тарауының алдын алу. Дегенмен, бұл жолғы локдаунды тұрғындар «коронавирус көші» деп атап отыр, деп хабарлайды 24.kz. Бұған ірі шаһарлардағы көлік кептелісі себеп. Өйткені мегаполис тұрғындары мамырдың жайлы күндерін үйде емес, демалыс орындары мен ауылдарында өткізгісі келеді. Локдаун уақытында тек азық-түлік дүкендері ашық. Тіпті кейбір провинцияларда әмбебап супермаркеттердің тек ғана азық-түлік бөлімшелерінің жұмыс істеуіне ғана рұқсат. Сондай-ақ 18 күн бойы елде спирттік ішімдіктердің сатылуына тыйым салынды. Сондай-ақ мешіттер де толық жұмыс істейді. Тұрғындардың жұма сайын жамағатпен намаз оқуына рұқсат. Бұл жағдай қоғамда түрлі пікірталастарға жол ашты. Бірі, мұны қолдаса, екіншісі елде локдаун уақытында мешіттердің ашық болуына карсы. Бұл локдаун алдыңғыларға қарағанда қатаң. Әрбір дүкен алдында сізді қауіпсіздік сақшысы күтіп тұрады. Оған мекен-жай туралы анықтаманы көрсетуге міндеттісіз. Мақсат тұрмысқа қажетті затты сылтауратып, басқа жерге баратын кісілерге тосқауыл қою. Бұл күндерде қызметкерлер де мемлекеттік мекемелерінен мөр қойылған арнайы рұқсатты алуы тиіс.