Мәулен ӘШІМБАЕВ: Татулық пен достықты дәріптейтін мейрам

Мәулен ӘШІМБАЕВ: Татулық пен достықты дәріптейтін мейрам

Мәулен ӘШІМБАЕВ: Татулық пен достықты дәріптейтін мейрам
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Фейсбук әлеуметтік желісінде құттықтап, жазба қалдырды. «Елбасымыздың бастамасымен өмірге келген бұл күн – татулық пен достықты дәріптейтін және ырыс пен ынтымақты еселейтін ерекше мейрам. Біз бейбітшілік пен келісімді, тыныштық пен тұрақтылықты нығайту арқылы бүкіл әлемге елдіктің ерен үлгісін көрсеттік. Соның арқасында Тәуелсіздік тұғырын биіктетіп, толағай табыстарға қол жеткіздік. Қазіргі таңда Мемлекет басшысы осы сабақтастықты сақтай отырып, барша қазақстандықты ортақ мақсат пен мүдде жолында жұмылдыруға баса мән беріп келеді. Бұл бүгінгідей күрделі кезеңде аса маңызды. Сондықтан береке-бірлігімізді арттыру бәріміздің абыройлы міндетіміз болуға тиіс. Сол арқылы барлық сын-қатерге төтеп беріп, Президентіміздің жаңғыру бағдарын табысты іске асырамыз. Бірлік күнімен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық және амандық тілеймін! Еліміздің ертеңі жарқын, келешегі кемел болсын! Қазақ елі мәңгі жасай берсін!» делінген Сенат Төрағасының жазбасында.