Жаңалықтар

Қазақстандықтарға шетелге шығуға шектеу қойыла ма? – Ішкі істер министрлігі түсіндірді

ашық дереккөзі

Қазақстандықтарға шетелге шығуға шектеу қойыла ма? – Ішкі істер министрлігі түсіндірді

Қазақстандықтардың шетелге шығуын шектеу туралы тағы бір жалған ақпаратты әлеуметтік желі қолданушылары таратуда. Polisia.kz сайтының жазуынша, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитеті таратылған ақпараттың жалған екендігін және Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-бабының 2-тармағына қайшы келетіндігін хабарлады.