"Қалыңмалы 50 млн теңге". Қазаққа келін болған тай қызы ислам дінін қабылдап, қазақ тілін үйреніп жүр (видео)

"Қалыңмалы 50 млн теңге". Қазаққа келін болған тай қызы ислам дінін қабылдап, қазақ тілін үйреніп жүр (видео)

"Қалыңмалы 50 млн теңге". Қазаққа келін болған тай қызы ислам дінін қабылдап, қазақ тілін үйреніп жүр (видео)
ашық дереккөзі

Тайландтық қыз Түркістан облысындағы қазақ отбасында келін болып жүр. Жігіттің ата-анасы діні басқа, тілі басқа аруды әу баста өзге елдің қызы деп  қабылдағылары келмегенімен, қазіргі таңда ризашылықтарын білдіретіндіктерін айтты. Бұл туралы «Пендеміз ғой» бағдарламасында айтылды.

Рахат  Әнапия есімді қазақ жігіті ата-анасына тайландтық қызға қайтсем де үйленем, болмаса ешқашан үйленбеймін деп шарт қойған. Жігіттің ата-анасы уақыт өте өз шарттарын қоя отырып, келісімге келгенін жасырмады. Шарттың ең әуелгісі мұсылман дінін қабылдау болған. Содан соң қазақ салт-дәстүрін толықтай ұстану керектігін айтқан. Тайландтық қыз барлығына көнуге келіскен. Тайлық қыздың аты-жөні – Корнканок Хачок. Қазақ отбасына келін болғалы есімін Гаухар деп өзгерткен. «Отбасында жалғыз баламын. Біздің елде 18 жасқа толғанда бала  кез-келген уақытта өз шешімін, таңдауын жасайды. Қазақ еліне тұрмысқа шығатынымды айтқанымда ата-анам еш қарсылық танытпады. Тек қолдау көрсетті»,- дейді тайлық қыз.

Қазаққа келін болып түскеніне 5 ай болған. Ең қызығы тойлары әлемдегі пандемияға байланысты онлайн өткен. Рахатың айтуыша, Тайландта қыздың қалың малы шамамен 40-50 миллион теңге көлемінде екен. Әзірге екі жақтың құдалары  бір біріне келе алмай отыр. Қазір  жас келін қазақ отбасына, қазақтың салт-дәстүріне бейімделіп келеді. Орамал тағып,сәлем салады. Ал сиыр сауу оған еш қиындық туғызбапты. Себебі Тайландта да сыйр мал өте көп екен. Дегенмен Гаухарға мұндағы тағамға үйрену қиын болып жатқан көрінеді. «Қазақ тағамын жей алмаймын, ащы емес. Біздің тамақтарда ащы көп қосамыз. Содан соң қазақтарда келінге қызметші сияқты қарайды екен. Бірақ, менің бағыма орай келген жерім мені қызметші емес, үйдің бір адамындай қарады», деп келін болып түскен отбасына ризашылығын білдірді. Бір қызығы өз күйеуінің есімі Рахатты дұрыс атай алмай «Лахат» деп тілі күрмеліп қала береді екен. Айтуынша қазақ тілі үйренуі қиын, ауыр тіл көрінеді.