Жаңалықтар

Елбасы Ескендір Хасанғалиевтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

ашық дереккөзі

Елбасы Ескендір Хасанғалиевтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың біртуар әнші-композиторы, Қазақ КСР-ның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ескендір Хасанғалиевтің өмірден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты, – деп хабарлады elbasy.kz. «Ескендір Хасанғалиев өзінің қайталанбас туындылары арқылы қазақ музыка өнерінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Оның «Атамекен», «Әдемі-ау», «Ескірмеген махаббат» сияқты патриоттық және лирикалық әндері қалың көпшіліктің жүрегінен ерекше орын алып, қазақстандықтардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен отаншылдық сезімін күшейте түсті. Талантты тұлғаның артында қалдырған мол музыкалық мұрасы мен оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп кәміл сенемін», – делінген жеделхатта.