Ескендір Хасанғалиев өмірден өтті

30 сәуір, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Ескендір Хасанғалиев өмірден өтті
Композитор, Мемлекеттік сыйлық иегері, Қазақстан КСР халық әртісі Ескендір Хасанғалиев 82 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қайғылы хабарды Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов жеткізді. 
Ескендiр Өтегенұлы Хaсaнғaлиев 1940 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында дүниеге келген. Оның әндері тек елімізде ғана емес, алыс-жақын шетелде де ықылaспен қaбылдaнады. Мемлекеттік Марапаттары: 1970 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты; 1979 жылы Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі құрметті атағы; 1984 жылы Қазақ КСР Халық әртісі құрметті атағы; 2000 жылы «Құрмет ордені»; 2002 жылы «Астана» медалі; 2006 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы; 2007 жылы «Платинды Тарлан» сыйлығы; 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі; 2015 жылы «Қазақстан конститутциясына 20 жыл» медалі; 2015 жылы «Қазақстан халқы ассамблиясына 20 жыл» медалі; 2015 жылы Ақорда салтанат сарайында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолынан алған ең жоғарғы мемлекеттік марапат - «Отан ордені»; 2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» мемлекеттік мерекелік медалі. Құрметті атақтары: 2010 жылы Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы; 2010 жылы Орал педагогика иниститутының құрметті профессоры; 2010 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің құрметті профессоры; 2015 жылы Алматы облысы, Үштөбе ауданының құрметті азаматы; 2015 жылы Алматы облысы, Кербұлақ ауданының құрметті азаматы.