Жамбыл облысында жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

Жамбыл облысында із-түссіз жоғалып кеткен 23 жастағы Гүлдана Санақбайдың денесі табылды, – деп хабарлайды aikyn.kz. Ол 11 ақпан күні Алматы қаласына емделуге жолға шығып, сол бетінше қайтып оралмаған.

14 ақпанда Шу аудандық полиция бөліміне Төле би ауылының тұрғыны хабарласып, 23 жастағы қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған.

Әйелдің денесі Шу өзені бойынан табылды. Полиция қызметкерлері күдіктіні де ұстады, ол тергеу изоляторына қамауға алынды. Алдын ала тергеу кезінде күдіктінің жәбірленушіге пышақ сұққаны, содан кейін қылмысты жасыру мақсатында денені Шу өзеніне тастағаны анықталды.

Қылмыстық іс бойынша сот сараптамалары тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты іске қатысты басқа мәліметтер жария етілмейді», – дейді Жамбыл облыстық Полиция департаменті ресми хабарламасында.

Back to top button