Еліміздің тағы бір аймағында карантин күшейтілді

Коронавирус жұқтырған тұрғындардың саны азаймауына байланысты Павлодар облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысымен өңірде карантин күшейтіледі, деп хабарлады өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Облыста облысаралық, облысішілік, қалааралық тасымалдар тоқтатылады. Қызметкерлердің 80 пайызы қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады (өндірістік қажеттілікке байланысты);

Сондай-ақ түнгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге тыйым салынады. Компьютерлік, боулинг-орталықтар жабылады («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), спорттық іс-шаралар өткізілмейді. Оған қоса дүкендердің, супермаркеттер мен базарлардың, оқу ордаларының да жұмыс форматы қаулыда нақтыланған.

Back to top button