Еліміздің тағы бір аймағында карантин күшейтілді

30 сәуір, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Еліміздің тағы бір аймағында карантин күшейтілді Коронавирус жұқтырған тұрғындардың саны азаймауына байланысты Павлодар облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысымен өңірде карантин күшейтіледі, деп хабарлады өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі. Облыста облысаралық, облысішілік, қалааралық тасымалдар тоқтатылады. Қызметкерлердің 80 пайызы қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады (өндірістік қажеттілікке байланысты); Сондай-ақ түнгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге тыйым салынады. Компьютерлік, боулинг-орталықтар жабылады ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), спорттық іс-шаралар өткізілмейді. Оған қоса дүкендердің, супермаркеттер мен базарлардың, оқу ордаларының да жұмыс форматы қаулыда нақтыланған.