Жаңалықтар

Діни мереке кезінде 30-дан аса адам қаза тапты

ашық дереккөзі

Діни мереке кезінде 30-дан аса адам қаза тапты

Израильде Лаг ба-Омер діни мерекесі кезінде 38 адам қаза тауып, 65-тен астам адам зардап шекті. Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл оқиғаны "ауыр апат" деп атады, - деп хабарлайды rbc.ru. Басылымның хабарлауынша, бастапқыда мереке кезінде бағаналар құлады деген ақпарат тараған. Алайда, артынша билік оқиға халықтың бір-бірін жаншуынан болғанын айтты. Израиль армиясының әскери қызметкерлері жаралылар мен қаза тапқандардың денелерін эвакуациялауға қатысады, деп хабарлайды елдің әскери баспасөз қызметі.