Жаңалықтар

Алексей Цой маскасыз жүруге қашан рұқсат берілетінін айтты

ашық дереккөзі

Алексей Цой маскасыз жүруге қашан рұқсат берілетінін айтты

Маскасыз жүру үшін халық арасында вакцина алғандар үлесі 60 пайыздан асуы керек. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды. Денсаулық сақтау министрі халық алдындағы есептік кездесуде тек вакцина алу ғана  әлеуметтік оқшаулау режимін алып тастауға мүмкіндік беретінін айтты Әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуі үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыру керек, вакцина алған азаматтардың үлесі кем дегенде 60 пайызға жетуі керек. Осыдан кейін, әрине маскасыз жүру мүмкіндігі қарастырылады", — деді Цой. Министр қазақстандықтар белсенді түрде вакцина алады және ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға үлес қосады деп үміттенеді.