Елімізде "Елбасы жылуы" қайырымдылық акциясы басталды

Елімізде "Елбасы жылуы" қайырымдылық акциясы басталды

Елімізде "Елбасы жылуы" қайырымдылық акциясы басталды
ашық дереккөзі
30 мамырдан бастап елімізде "Елбасы жылуы" атты ауқымды қайырымдылық акциясы басталды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де хабарлады, - дейді 24kz.
"Бүгіннен бастап Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен "Елбасы жылуы" қайырымдылық акциясы басталды. Акция аясында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен "Дегдар" қайырымдылық қоры мұқтаж қазақстандықтарға азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлар түрінде көмек көрсетеді", - делінген хабарламада.