Елімізде "Елбасы жылуы" қайырымдылық акциясы басталды

30 сәуір, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Елімізде "Елбасы жылуы" қайырымдылық акциясы басталды 30 мамырдан бастап елімізде "Елбасы жылуы" атты ауқымды қайырымдылық акциясы басталды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де хабарлады, - дейді 24kz.
"Бүгіннен бастап Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен "Елбасы жылуы" қайырымдылық акциясы басталды. Акция аясында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен "Дегдар" қайырымдылық қоры мұқтаж қазақстандықтарға азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлар түрінде көмек көрсетеді", - делінген хабарламада.