«Nur Otan»: мамыр айына азаматтарды қабылдау кестесі жарияланды

30 сәуір, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
«Nur Otan»: мамыр айына азаматтарды қабылдау кестесі жарияланды Карантиндік шектеулерді ескере отырып, министрліктер мен ведомстволардың басшылары мамыр айында «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық бөлмесінде азаматтардың жеке қабылдауын онлайн форматта өткізеді. Кездесуге жазылу үшін:
  1. Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
  2. WhatsApp: 8 700 800 4441;
  3. komek@nurotan.kz.
Айта кету керек, былтыр «Nur Otan» партиясына бүкіл ел бойынша 393,2 мыңнан астам өтініш түскен. Сонымен қатар, соңғы 5 жыл ішінде партияға 1,2 миллион адам жүгінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы – онлайн форматта. Оның 92% оң шешімін тапты: ақысыз консультациялар, заңдық және басқа да көмек көрсетілді. Халықты негізінен әлеуметтік қамсыздандыру - 30%, ТКШ - 16%, тұрғын үй - 15%, еңбек даулары - 14%, құрылыс - 9%, білім беру - 9%, медициналық қызмет - 7% мәселелері алаңдатады. «Халыққа көмек» жобасы аясында Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде заңгерлермен, адвокаттармен, медиаторлармен және нотариустармен ақысыз консультативті онлайн кездесулер ұйымдастырылды.