Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: 13 адам көз жұмды

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: 13 адам көз жұмды

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: 13 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Қырғыз-тәжік шекарасындағы оқиға салдарынан 13 адам мерт болып, 134 адам жарақат алған, – деп хабарлады Кабар агенттігі. Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тағы 25 зардап шеккен адам арнайы бортпен Баткеннен Бішкекке жеткізіліп, Бішкек травмотолгия және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығы, Ұлттық госпиталь және Ұлттық хирургия орталығына жатқызылған. Екі адамның жағдайы ауыр, қалғандарының жағдайы орташа деңгейде және қанағаттанарлық. Еске сала кетсек, 28 сәуір күні Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында екі ел тұрғындары өзара келіспей, қақтығыс басталды. Қырғызстанның Баткен облысының Баткен ауданының «Головной» елдімекенінде жағдай шиеленісіп кетті. Қырғыз тарапы қақтығыс аймағынан 848 адам көшірілгенін мәлім етті. Қырғызстан мен Тәжікстан 29 сәуір сағат 20:00-ден бастап атысты тоқтату туралы келісімге келді.