30 сәуір: ел шежіресіне енген тарихи оқиғалар

30 сәуір: ел шежіресіне енген тарихи оқиғалар

30 сәуір: ел шежіресіне енген тарихи оқиғалар
ашық дереккөзі
1945 жылы 30 сәуірде Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Рейхстагқа ту тікті. Ресейдің Әскери тарих институты 1-і Беларус майданындағы 150-і атқыштар дивизиясының лейтенанты Рақымжан Қошқарбаевтың 1945 жылдың 30 сәуірінде Рейхстагқа ту тіккені туралы тарихи оқиғаны 2007 жылдың 7 мамырында ресми растады. 2010 жылы Ұланбатырдағы Моңғол ғылым академиясында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық жол» және «Еуразия жүрегінде» кітаптарының тұсауы кесілді. 2012 жылы таэквондодан жаттықтырушы тараздық Руслан Исмазов «Ордабасы» атты жаңа командалық ойынын патенттеді. Бұл ойында төрт адамнан құралған екі команда шығыс жекпе-жегінен сайысқа түсіп, жалауды иеленуге таласады. 2013 жылы алматылық Ольга Коренчуктің «Дорога номадов» атты туындысы жыл сайынғы «Аустриялық фотосуреттік суперкруизде» «Арнайы тақырыптар» бөлімі бойынша алтын медаль иеленді. 2013 жылы Астанадағы «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Joint Commission International (JCI) халықаралық бірлескен комиссиясы құрамына кірді. 2014 жылы Мажарстанның Секешфехервар қаласындағы Янош Кодолани жанындағы Қолданбалы ғылымдар университетінде «Қазақстан жолы және Н.А.Назарбаев» кафедрасы ашылды. 2014 жылы Астана уақыты бойынша 7 сағат 35 минутта Куру ғарыш айлағынан еуропалық «Вега» зымыраны ұшырылды. Ол орбитаға Қазақстанның Жерді қашықтықтан зондтау спутнигін шығарды. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанынан институционалдық реформаларды жүзеге асыру мақсатында Жаңғыру жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. 2017 жылы репрессия жылдарында қуғынға ұшыраған ақын және драматург Ілияс Жансүгіровтің құжаттары ақынның Талдықорғандағы әдеби-мемориалдық музейіне берілді. 2018 жылы қазақстандық оқушы Дінмұхаммед Төлендиев 7 жасқа дейінгі санатта шахматтан әлем чемпионы атанды. 2018 жылы UNESCO-ның Париждегі штаб-пәтерінде өткен «Эгоизм мен мәдени құндылықтардың қайта өрлеуі: түркі тілі өткеннен болашаққа дейін» халықаралық форумы аясында танымал қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев туралы кітап таныстырылды. 2019 жылы Нұр-Сұлтанда Хорватия елшілігі ашылды. Бұл Қазақстандағы 70-ші шет мемлекет өкілдігі болды. Қазақстан Республикасындағы Хорватия Төтенше және Өкілетті елшісі Рефик Шабанович.