Қызылордада ұрланған көлікпен жол апатына түскен қарақшы ұсталды

Қызылордада ұрланған көлікпен жол апатына түскен қарақшы ұсталды

Қызылордада ұрланған көлікпен жол апатына түскен қарақшы ұсталды
ашық дереккөзі
Қызылорда қалалық полиция басқармасы Тасбөгет полиция бөлімінің қызметкерлері бөтен көлікті ұрлап, жол-көлік оқиғасын жасаған тұрғынды қолға түсірді. Ер адам облыс орталығындағы мекеменің бірінің алдында тұрған жол талғамайтын көлікті ұрлап кеткен. Кейін ол рульге ие бола алмай, жол жиегінде аударылған. «Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Күдікті оқиға орнында ұсталды. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалы жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды», – деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаменті.