Иманбек бастаған челлендж жалғасуда (видео)

Иманбек бастаған челлендж жалғасуда (видео)

Иманбек бастаған челлендж жалғасуда (видео)
ашық дереккөзі
Қазақконцерттің алматылық филиалы бастаған Imanbekdancechallenge челленджді елордалықтар жалғады. Әсерлі флэшмобқа Жеңіс Сейдуллаұлы, Құрмаш Махан, Әміре, Салтанат Меңдіғалиева, Альфия Каримова, Әйгерім Алтынбек, Айна Қалмағамбетова, Дидар Әбдухалық, «Астана сазы» ансамблі, «Назар» тобы және «Астана Мюзикл» театрының әртістері қатысты. https://www.youtube.com/watch?v=gIiR21SjuEg&ab_channel=QAZAQCONCERTLIVE Қазақконцерт директоры Жеңіс Сейдуллаұлы айтуынша, көктемнің шуақты күнінде халықтың рухын көтеріп, еңсесін тіктеуге би тілі - таптырмас құрал. "Бұл жаңа челленджді Алтынбек Қоразбаев бастаған Қазақконцерттің алматылық филиалынан қабыл алдық. Баршаға позитив сыйлайтын жаңа форматтағы бастама. Ендігі кезекте бұл челленджді "Хабар" АҚ, Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік филармониясы мен Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрына жолдаймыз" - деп ол.