Жаңалықтар

Партияның ықпалымен мектеп айналасы жарықтандырылды

ашық дереккөзі

Партияның ықпалымен мектеп айналасы жарықтандырылды

Шымкент қаласы Қаратау ауданының тұрғындары Қайнарбұлақ тұрғын алабында орналасқан №125 мектептің айналасындағы шамдардың жанбайтынын айтып партияға мәселені шешуге көмек сұрай жүгінді. Бұл мәселеге байланысты Шымкент қалалық маслихатының депутаты Балтабаев Талғат депуттық сауал жолдап, мәселені өз назарында ұстайтындығын жеткізді. Нәтижесінде көп ұзамай Шымкент қалалық Энергетика Басқармасы Қайнарбұлақ тұрғын алабында орналасқан №125 мектептің айналасы мен көше бойына түнгі жарық шамдарды орнатып, іске қосты.