Қырғыз бен тәжік шекарасында атыс болды

Қырғыз бен тәжік шекарасында атыс болды

Қырғыз бен тәжік шекарасында атыс болды
ашық дереккөзі
Қырғызстан мен Тәжікстанның шенеуніктері бір-бірін 28 сәуірдегі қақтығыстар мен даулы шекара аймағында болған атыс үшін айыптап жатыр. Баткен облысының ішкі істер басқармасы бейсенбіде тәжіктер Көкташ ауылындағы әскери бөлімге оқ жаудыра бастағанын хабарлаған. Азаттықтың Қырғыз қызметінің мәлімдеуінше, екі қырғыз азаматы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Тәжікстан шекара қызметі қырғызстандықтардың мәлімдемесін жоққа шығарып, бұл қырғыз әскері бірінші болып тәжік шекарашыларына оқ атқан деп мәлімдеді. Ал әлеуметтік желілерде әскери техниканың шекараның екі жағынан жанжал болған жерге қарай жиналып жатқандығы туралы видеолар тарап жатыр. Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай 29 сәуірде де шиеленісті жағдайда болды. Бейсенбі күні түстен кейін қырғыз-тәжік шекарасында тағы да мылтық атылды. Ол жергілікті уақытпен 14:10-де болған. Тиісті орындар бұл жағдай туралы әлі ресми ақпарат таратқан жоқ. Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, 29 сәуірде Исфара ауданындағы Сомонион және Баткен ауданындағы Көкташ ауылының тұрғындары арасындағы қақтығыс тәжік-қырғыз шекарасындағы екінші рет қайталанып отыр. Бұған дейін Қырғызстандағы шекара қақтығысынан төрт адам зардап шеккен, оның үшеуі ауруханада. Ал Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, шекара қызметкерлерінен оқиға кезінде жеті тәжікстандық жарақат алған көрінеді. Қырғызстанның Баткен облысының басшысы Омурбек Суваналиев пен Тәжікстанның Соғды облысының басшысы Раджаббой Ахмадзода келіссөздер жүргізуде. Оқиға орнында Үкімет баспасөз хатшысының орынбасары Маруфан Тулаев, жергілікті билік пен құқық қорғау органдары жағдайды тұрақтандыру үшін жұмыс істеп жатыр », − делінген Баткен облыстық әкімшілігінің хабарламасында. Бұған дейін Қырғызстан Шекара қызметі 29 сәуірде таңертең Ақсай ауылында жағдай шиеленісіп, тәжіктердің қырғыздарға тас лақтыра бастағанын, кейін қырғыз жағына тиісті жолдармен өтіп бара жатқан автомашиналарға мылтықтар оқ жаудырғанын хабарлаған. Бұдан қырғыз жағынан жараланғандар болған. Ал тәжік жағы бұл ақпаратты бекерлеп, оқты «қырғыздар атқан» деп мәлімдеді. Сондай-ақ, Исфара қалалық орталық ауруханасы дәрігерлерінің айтуынша, атылған оқтан жарақат алған үш адам 29 сәуірде таңертең Сомонион ауылынан әкелінген. Қалай болғанда да екі жақтан да жәбірленгендер бар және бұндай жағдай қырғыз-тәжік шегарасында бірінші рет болып отырған жоқ.