Ұлттық қор экономикалық дамудың көмекшісі

Ұлттық қор экономикалық дамудың көмекшісі

Ұлттық қор экономикалық дамудың көмекшісі
ашық дереккөзі
2000 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құры құрылды. Бұл еліміздің еліміздің қаржы ресурсының бюджеттен тыс бірден бір маңызды көзі.  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаржысын үйлесімді қалыптастыру, сапалы басқару және ең бастысы тиімді қолдану сұрақтары әлі де болса кеңінен талқылау және оларды шешу жолдарын табу өте өзекті болып қала бермек. Қазіргі кезде әртүрлі мәліметтер бойынша әлемде 50-ге жуық ірі егеменді әл-ауқат қорлары (Sovereign Wealth Funds) бар. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы қабылданған заңы бойынша Қор қызметінің мақсаты оның активтерін тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру көзделген. Ұлттық қордың қаржысы 2007 жылдан бастап бюджет шығынын қаржыландыру үшін пайдаланылып келеді. Ұлттық қордың қызметі тарихында қомақты сома алғаш рет 10 млрд АҚШ доллары 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы күреске бағытталды. 2014-2015 жылдарда экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін 2014 жылдың ақпан айында Елбасының бастамасымен  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 1 трлн теңге бөлінді. Өткен жылы Елбасы қазақстандықтарға үндеуінде ел болашағы үшін жинақталған Ұлттық қор мен алтын-валюта қорында 90 миллиард АҚШ доллары бар екендігін атап өтті.