Елімізде несие тарихын сақтау мерзімі қысқарады

Елімізде несие тарихын сақтау мерзімі қысқарады

Елімізде несие тарихын сақтау мерзімі қысқарады
ашық дереккөзі
Еліміздің қаржы ұйымдарында кредит тарихын сақтау мерзімі 10 жылдан 5 жылға дейін қысқарады, - деп хабарлайды Informburo. 29 сәуірде Сенат депутаттары тиісті заң жобасын мақұлдады. Құжат қаржылық және басқа да қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Құжат сондай-ақ банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеудің бірыңғай құқықтық режимін енгізеді. Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі коллекторлық агенттіктер қызметкерлерінің кәсіби этикасының үлгілік кодексін әзірледі.