Елімізде несие тарихын сақтау мерзімі қысқарады

Еліміздің қаржы ұйымдарында кредит тарихын сақтау мерзімі 10 жылдан 5 жылға дейін қысқарады, – деп хабарлайды Informburo.

29 сәуірде Сенат депутаттары тиісті заң жобасын мақұлдады. Құжат қаржылық және басқа да қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Құжат сондай-ақ банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеудің бірыңғай құқықтық режимін енгізеді. Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі коллекторлық агенттіктер қызметкерлерінің кәсіби этикасының үлгілік кодексін әзірледі.

Back to top button