СҚО-да Ұлттық ұлан әскери институтының офицері пара алды деген күдікке ілінді

Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының офицері қол астындағы қызметкерден пара алды деген күдікке ілінді.

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚР Ұлттық ұланы Әскери институты батальонының командирі әшкереленді.

Ол әскери институт басшылығы тарапынан белгілеген тыйымға қарамастан, қарамағындағы қызметкерден гарнизон шегінен шығуға рұқсат бергені үшін 30 мың теңге сомасында ақшалай пара алды деген күдікке ілінді.

Офицердің заңсыз әрекеті жайында Сыбайлас жемқорлық қызметке азаматтардың біреуі арызданған. Күдікті ұсталып, Петропавлдағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

Back to top button