Жаңалықтар

Технократия мен педагогиканың білгірі

ашық дереккөзі

Технократия мен педагогиканың білгірі

Қазақ даласының қасиеті мен киесі ерекше ғой. Қай жерін алып қарасаң да табиғатымен біте қайнасқан алып тұлғалары арқылы асқақтап, алып шыңдай әсер береді. Сайын даланың саф алтындай құдіретінің ерекшелігі оның адамдарында. Семейдің іргесіндегі Қайнар ауылындағы Құсайын ақ­са­қал­дың әулетінде дүниеге көзін ашып, жарық күнге жанарын тік­те­ген Асқарбек атты ұлдың ата-анасы Қа­быкен әкей мен Сахия анасы пер­­зенттерінің болашақта ұлы­лар­дың ұлылығын ұстанса, данышп­ан­дар­дың даналық жолына түссе деген армандары болғанына кәміл се­немін. Әйтпесе есімін Асқарбек деп әспеттемес еді, ата-ана жүрегі алыс­ты болжап, көкірек көңілдері сәби ұлының келешегіне үлкен үміт­пен қарағаны әмбеге аян. Екін­ші дүниежүзілік со­ғыс­та «толар­сақ­тан саз кешіп, тоқ­та­май тартып шы­ғып» Еуропаның тө­ріне ту тігіп қайтқан Қабыкен әкей әсте өз ұлы­ның артынан өзі ту тіккен елден аты шығып, қазақтан шық­қан ға­лым ұл барын паш ете­тінін ой­ла­маған да шығар. Бірақ та әке көкіре­гі осыны сезген болуы ке­рек, әйт­пе­се тағы да Асқарбек деп әл­пештеп ат қоймаса керек-ті. Қазақтың Асқарбек ұлының Қайнардан бастау алған та­за бұлақтай қайнар ағысы зор ар­наға, асау толқындары арынды, күш­ті телегей теңізге бет бұрды. Әке­нің қиыншылығы көп болған сұра­пыл соғыстан қайтып, ел тірлі­гін түзеудегі ерен еңбектен түйген өмір­лік тәжірибесі мен ананың аялы алақаны мен жүрек жылуын бойы­на сіңіріп өскен Қайнардың қар­шадай ұлы ендігі жерде қаймана қазақтың рухы үшін, білімі үшін арман арқалап Алматыға аттанды. Тұлға болу жаны ізгіліктен жаратылған адамның ғана не­сібесіне бұйырады. Бұл – ак­сио­ма! Оның анықтамасын әлемнің не­бір ғұламалары, философтары, ға­лымдары пайымдап берген. Ин­ди­видтен тұлғаға айналу ұзақ та өте күрделі процесс. Оған адам қо­­ға­мының даму дәрежесінің ең озық, үлгілі, нәтижесі мол кеңістігі қажет. Екіншіден әр ұлттың, ха­лық­тың тұлға қалыптастырудағы өз та­ным дүниесі бар. Ұлттық код пен жа­дының мықтылығы, беріктігі зор бол­са, салты мен дәстүрінің, әдеті мен ғұрпының, сенімінің шынайы­лы­ғы мол болса, тұлға тәрбиелеу дәре­жесі де сондайлық биік болары хақ. Асқарбек Қабыкенұлының зор тұлғалық бітімінің қалыптасуына әулеттегі қазақ ұлтының ең озық, таза уызды әрі шынайы ментали­те­тінің кең ауқымда болуынан. Бесік кө­ріп, бел ауып, ашамай мініп, жер ауып, бала жастан дөңгеленген дү­ние­нің бесік тербелісімен теңес­тіріл­ген (бұл жерде физиканың мәң­гілік қозғалыс заңы бар) ұлы ғиб­ратты тағылымы дәстүр мен ғұ­рыптың астасып, біте қайнаған та­маша тәлімінен. Қазақта тектілік деген та­ма­ша ұғым бар. Қасиеттілік пен киелікті иемденген кемел ма­ғына. Тұлғалық бітімнің қалып­тасуы­на осы аталық тектіліктің әсері орасан. Бұл жерде ғылымның (ме­дицина, физиология, психо­ло­гия, философия т.б.) бүгінде көпте­ген саласы дәлелдеп отырған гендік, яғни қандық тектіліктің сақталуы арқылы ерекше сұрыпталу синтезі. Қазақта жеті аталық байланыстың әлемде жоқ тәжірибесінің дәлелі. Қазақ феномені деп осыны айтады. Асқарбек ағаның тұлғалық бітімі осы­ның айғағы. Ұлт ұлылығының ай­насы – тектіліктің тамыры қа­нында сақталған, сол арқылы кемел са­налық биіктікке көтерілген тұлға осы Асқарбек Қабыкенұлының өзі­нен байқаймыз. Тектіліктің тұл­ға­ны тәрбиелеуге, оның сан салалы қа­білетін қалыптастыруға, жетіл­діру­ге тікелей қатысы бар. Бұл қа­зақ халқын соңғы екі ғасырда небір сұра­пыл нәубеттер мен зұлмат­тар­дан сақтап келеді. Әйтпесе, тұлпар­ды тұңғыш ерттеп мініп, бүкіл Еу­разияның түкпір-түкпіріне тұя­ғын жеткізген көшпенді түр­кілер­дің орасан көпшілігі тарих соқ­па­ғы­нан көшіп үлгерді. Ал солардың ішін­­де жиырма бірінші ғасырға же­тіп, түркі дүниесінің үшінші мың­жылдықтың көшін бастауға қа­зақ баратын болса, осы тек­тілік­тің арқасы болуы әбден кәміл ақи­қат. Асқарбек ағаның жүріп өткен өмір жолының соқпағынан мен осы дүниені көремін. Себебі ғалым аға­мыздың тұлғалық дәрежесінен бү­кіл бір ұлттың ең жоғары әрі сапа­лы рухани кеңістігін көруге бо­лады. Бүгінгі заманда қоғамның жо­ғары деңгейде дамуына тек білім ғана әсер ете алады. Қазіргі әлем­дік интеграцияда өз орнын ала ала­тын тек білімді ел ғана. Уақыт талабы осыны қалайтын сияқты. Жа­­санды интеллект пен эмоцио­нал­ды интеллектінің текетіреске түс­кен уақытында міндетті түрде толық бітімді тұлғалары көп ұлт басылым­дыққа ие болатынына көз жетіп ке­леді. Ұлтқа адал қызмет ету – зор тұл­ғалардың ғана үлесіне тие­­тін қа­сиет. Біз Асқарбек Қабы­кенұлы­ның ғылымдағы, білімдегі, қайрат­керлік қызметіндегі барлық еңбек­терін талдап, жіліктеп беруді мақ­сат тұтпадық. Ол бүгінгі ғалым­дар­дың, ертеңгі жас ұрпақтың үлесінде бол­сын. Мен ағаның тұлғалық біті­міне ғана зер салып, оның ішкі тек­тоникалық жаратылысына үңі­луге тырыстым. Әйтпесе, «Қазақ­стан­да ең алғашқы» деп ғылымдағы жа­сап өткен дүниелерін саралап атап шығар болсақ саусақ жетпейді, қағаз бітіп, қалам таусылуы мүмкін. Тоқс­ан ауыз сөздің тобықтай түйі­нін жазсақ, бір өзі бір дәуірдің педа­го­гикасын жасап отырған тұлға! Төрт оқулықтың, төрт оқу құра­лы­ның, жиырма үш оқу методикалық басылымның, он бір монография, бес кітап, жеті зияткерлік меншік обьек­тісінің мемлекеттік тіркеу па­тентінің иесі, жүзден аса құнды ғы­лыми мақалалардың авторы. Әлемдік бүгінгі зор интеграциялық үр­дістің бір бағытын алатын са­лыс­тырмалы педагогиканың Қазақ­стан­да негізін қалаушы, соған отыз жыл өмірін арнаған еліміздегі тұң­ғыш компоративист - ғалым, отан­дық оқулықтану ілімінің іргетасын қалаушы. Айта берсек, «ең алғашқы, ең тұңғыш» анықтамасын жалғас­тыра беруге болады. Менің таңғалатыным, Ас­қар­бек Қабыкенұлының әуел­дегі жүрек қалауы – энергетика са­ласы, яғни технократия бағыты. Қа­­зақтың шет елде жүріп «доктор – инженер» ғылыми атағын қорға­ған тұңғыш ғалымы. Ал ғұмырын ізгілік педагогикасына арнауы, сол жол­ды таңдап алуы шамасы өзінің та­биғи жаратылысынан ба деп ой­лаймын. Қазақ елінің тәуелсіздік алуы тұсында ел білімі мен ғылы­мына иелік ететін, жетекшілік жа­сай­тын тұлға қажет болды. Таңдау Ас­қарбек Қабыкенұлына түсті. Еге­мендік алып, ес кіріп, етек жи­нап жатқан қарбалас уақытта Қа­зақ­стан Республикасының білім ми­нистрі, қазақтың біртуар ұлы Ш.Шаяхметовтің әлем білімінің құры­лымы мен жүйесін зерттеуде Ас­қарбек Қабыкенұлына сенім біл­діруі шынында да тарихи таңдау әрі өте дұрыс конструктивті шешім еді. Тәуелсіз Қазақстанның педагогика ғы­лымы бұдан зор жетістіктерге жет­ті, басқа тәуелсіздігін бірге ал­ған мемлекеттер көшінің ал­ды­на шықты. Осы жолда Асқарбек аға­ның шынайы тұлғалық бітімі то­лықтай ел қызметіне жұмыс ат­қар­ды. Бұл қажеттіліктен туын­да­ған таңдау деп есептеген жөн. Пе­да­гогика тари­хында бұл әлі талай зерттеу­лерге арқау боларына сені­мім мол. Жоғарыда айтып өттім, тұл­ға ізгіліктен тәрбие алады, оның қайнар бұлағы адами мейір­бан­дық пен пейіл мөлдірлігі. Мен аға­ны ұзақ жылдардан білемін, сон­дықтан оның ең үлкен мінез – қа­сие­ті сыпайылығында. Әуелде ата – анадан жүрегіне ұялаған мейір­бан­дық, ақкөңіл ізеттілік, мінез мөл­дір­лігі біртіндеп синтезделген ға­жайып сыпайылық тұлғалық кре­до­ны қалыптастырған. Таулардың алыстаған сайын биіктей беретіні сияқты, Асқарбек ағаның даналық дариясы сыпайылық кеңістігі арқы­лы кеңейе береді. Жалпы, адам бі­лім­ді болған сайын, өмірлік тә­жіри­бесінің гуманистік мөлдір жүйесіне ен­ген сайын мәдениеттілігі, кіші­пейіл­ділігі арта береді ғой. Асе­кең­нің өмірдің өзінен тоқығаны бар мол тәжірибесінің өзі оның ізет­тілігі мен сыпайылығын айшықтап көр­сетіп тұрады. Жиі кездеспесек те, жыл айналымындағы бір жүз­десуі­міздің өзі ұзақ уақытқа өзіміз­дің ішкі жан дүниемізге сәуле ша­шып, жылулық нұрын сеуіп тұрады ғой. Ағаның үнемі жақсылыққа жа­­­нашыр болатын қамқорлығының өзі бір төбе! Кейбір көңілдегі толға­нысы көп, шешімі табылмай жүрген ой-идеяларды айтсақ болды, бірден қолдап, қолпаштап, оның шешімін табудың жолдарын көрсетіп, өзі бел сыбана кірісіп кететін еңбекқор­лы­ғы, жанашырлығы осы табиғи сы­пайы­лық ашық мінезінен. Адамдар ара­сында өте сирек кездесетін мі­нез құбылысы! Бір кездескеннен ұзақ мерзімге энергетикалық қуат алып, тұлға бітімінен тараған ерек­ше бір жан жылулығын сезініп жүр­­генің өзіңе де, алдағы күндеріңе асыл дүниелерді іске асыруға да күш беретінін айқын түсінесің. Ша­масы, осының өзі-ақ Асқарбек аға­ның қазақтың ұлыларынан алған, кемеңгерлерінен сарқыған рухани дүниелерінен бізге де үлестірген қа­сиеті деп түсінемін.

Нұртас АХАТ, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты