Жаңалықтар

Қазақтың Серкесі, сахнаның еркесі

ашық дереккөзі

Қазақтың Серкесі, сахнаның еркесі

Терең тамырлы халық өне­рі­нің айтулы өкілі, біртуар эн­циклопедист – актер, Қазақ КСР-ның халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сый­лық­тарының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Серке (Серәлі) Қожам­құлов (1896-1979) «алыптар тобы­ның» бірегейі Ғабит Мүсіреповтің сөзімен айтсақ, «Қазақ сахнасы тәңірлерінің бірі». Заманында «Сахнаға Серке шыққанда күлме­ген кісінің беті қисайып кетеді» де­ген ойнақы мәтел де шыққан. 1977 жылы 28 қыркүйекте Алматыдағы М.Әуе­зов атындағы Қазақ драма театрының алдында ұлы су­реткерге ескерткіш орнату үшін алғашқы тасы мейір­бан жүректі, иман жүзді Серағаң мен ай маң­дайлы Шыңғыс Айтматов және түр­кі­танушы-ғұлама Ғайнетдин Мұсабаевтың шаңы­рағында өнер туралы толғаныстардың куәсі бол­ғаным бар. Өнердің қасиетті, сара, ақ жолында, адам­гер­ші­ліктің, кісіліктің, жақсылықтың дұрыс, түзу, оң, өне­гелі ата жолында ешбір айнымаған ардақты ар­­­дагеріміздің жарқын жүзі, алтын ізі, асыл сөзі ас­қақ рухы оянып, жадында жаңғырады, жаныңды нұрға толтырады. Көркемөнер тарихында Серке Қожамқұлов Ес­пем­бет, Қарашешен, Қарабай, Қоңқай, Тайман, Кө­бікті хан бейнелерін асқан шеберлікпен сомдады, кө­рермен жүрегінде мәңгі өшпес терең із қалдырды. Жал­пы, Серағаң экран мен сахнада 200-дей рөл­дерде соншалықты кемеліне жеткізе келістіріп құл­шыныспен ойнады. Тумысынан дарынды Сера­ғаң өз кейіпкерінің әрбір әрекет-қимылын, сыртқы сым­батын, өзіне тән жарасымды ұтырлы штрих­та­рын, өң-әлпеттегі мейлінше нәзік өзгеріс тол­қын­да­рынан тұңғиық терегей сырды аңғартуы, фи­лософиялық ой түйдіруі, оны сахналық-көркемдік дәре­жеге жеткізуі, образдың өзегін тамыршыдай дәл танитын талант көзінің көрегендігі, әрбір түйін­ді сөзі, саналы пікірді тасқа таңба басқандай, қолға ұстатқандай айтуы – актерлік ойын өрнегіне тән қа­сиеттер еді. Өрі-қыры бірдей өнер майталманы Серке Қо­жам­құлов Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» дра­ма­сындағы Еспембетті жарты ғасыр бойы жан-жақты ке­меліне келтіре ойнап, классикалық дәрежеге жет­кізді. Еспембеттің: «Тобықты, алынбай жүрген ке­гің, тимей жүрген есең болса, оныңды айт! Әйт­пе­се мен Тобықтының қоңсысы емеспін. Өз тентегің ана Кебек. Қыз – атамның әруағына қастық қылған менің тентегім. Екеуін шығарып бер былай! Мой­ны­на арқан таққызып өз қолымнан өлтіртемін! Қазір етем осыны! Әпкел, ұстат қолыма!.. Бұл айтқаныма көнбейтін болсаң, тура тұрысар жеріңді айт! Менің қолым дайын. Екінің бірі. Екінің бірі» – деген құ­діретті, әмірлі сөзі Серағаңның шиыршық атқан те­геуірінді қимылымен яғни ол текемет үстінде ая­ғын жылдам малдас құрып, көзді ашып- жұм­ған­дай мезетте шапанының бір жақ шалғайын сол жақ жам­басына дереу басып үлгереді. Сол-ақ екен көз ілес­пес шапшаңдықпен қолындағы қамшысымен еті­гінің қонышын сарт еткізеді. Осынау бір әсерлі ға­жайып көрініс, керемет тапқырлық оның сон­шалықты айбарлы, безбүйрек, тасжүрек екенін дә­лел­дейді. [caption id="attachment_145273" align="alignnone" width="624"]