Ғасыр үні

Ғасыр үні

Ғасыр үні
ашық дереккөзі
Қазақ радиосының тарихы терең, айтары мол, атқарар мін­деті мен көтерер жүгі де жеңіл емес ақпарат құралы еке­ні бүгінде жан-жақты дәлелденіп отыр. Ғылыми-техникалық прогресс нағыз шарықтау шегіне жетіп тұрған осы шақта мың­даған телестудия, радиостанса, миллиардтаған радио­қа­былдағыш сансыз тиражбен шығып жататын газет-журналдардан, ин­тернеттен, әртүрлі басылымдардан келіп түсетін хабарлар тас­қы­нына тосқауыл болар күш жоқ. Жүздеген ақпарат агенттігі жұ­мыс істейді.

Халықаралық хабар алмасу мә­селелері, шетелдерге ха­бар тарату, журналистердің жұ­мы­сын ғылыми ұйымдастыру, кос­мос­тық телерадио байланысын пай­да­лану сияқты көптеген мәселе үлкен форумдарда талқыланады. Себебі ақ­­паратсыз яғни журналистикасыз бү­гінгі күніміздің болмысын елес­тету мүмкін емес. Сол ақпарат құра­лы­­ның бірі де, бірегейі де — радио. «Те­­ледидар өмірге араласқан соң элек­­тронды ақпарат құралдары ара­­сында радионың беделі тө­ме­н­де­ді» деген пікірді көптеген ғ­а­лым­дар бастапқыда қостап жүрді. Ба­тыс­тық теоретиктердің алғашқыда «тек тыңдағаннан гөрі, әрине көре отырып тыңдаған жөн, сондықтан радионың өмірде қажеттігі бол­мауы мүмкін» деген ой, болжамдары дәлелденбеді. Қайта, радио өзінің ар­тықшылығын, мүмкіндіктерін пай­далана отырып, қанатын қа­тай­та түсті. Радионың өзіне тән спе­ци­фи­калық ерекшеліктері – баспасөз бен теледидарға қарағанда жедел, шап­шаңдығы, өте ауқымды ауди­то­рияны жинайтыны, қолайлылығы, ерекше уақыт алмайтыны, тың­дау­шы санасына өзіндік пікір қалып­тас­­тыра алатыны, сөйлеуші адам­ның даусының мәнерінен нақ­ты­лықтың білінуі сияқты көптеген ақ­параттық ерекшеліктері радио­жур­налистиканың мәнін, рөлін кү­шейте түсуде. Алайда, жеделдігі жа­ғынан интернетті алға қоятын­дар басым. Ал интернеттегі ақпа­рат­тардың нақтылығына күмән көп екені де рас. Қазақ радиожурналистикасы елдегі демократиялық жаңару­лар мен нарықтық эко­но­мика үрдістеріне сай жаңа кезеңді бас­тан кешіп отыр. Электронды ақ­парат құралдарының қызметіне кең мүмкіндіктер ашылды. Ра­дио­ның рөлі бұрынғыдан да терең маз­мұн алып, өзінің опе­ра­тив­тілі­гі­мен, өзіндік ерекшеліктерімен жаңа­шыл прогрестің алдыңғы са­пынан көрініп жатыр. Бұрын рес­публикада жалғыз Қазақ радиосы бол­ған болса, ендігі жерде сан түрлі ақ­парат құралдары пайда болды. Элек­тронды ақпарат құралдары ара­сында бәсекелес радио көбей­ге­німен әлі күнге дейін Қазақ ра­дио­сының шоқтығы биік екені даусыз. Өйт­кені тарихтың аумалы-төкпелі кезеңдерінде ұлттық радио өзі көз­деген межесінен шығып отырды. Ха­лықтың жоғын жоқтап, мұңын мұң­дады. Сан салалы мәселелерді уа­қытында көтеріп, заман ағымына үн қоса алды. Қазақ радиосының жур­на­лис­тер ұжымы еңбектерінің ерен болғаны тарих парақтары — мұра­ғат құжаттарынан байқалып отыр­ды. Қазақ радиожурналис­те­рі­нің өткен дәуірде әуе толқынынан өткізген материалдарын талдай оты­рып, олардың араласпаған бір­де-бір саласы болмағанын көруге бо­лады. Кеңестік кезенде эфирге бе­­­­рілген материалдар ғылымның кез келген саласынан зерттеу ең­бектерге тақырып боларлықтай нақ­ты деректерге толы. Мысалы, мы­на бір ақпаратты алайық: «Жа­қын­да Қазақ ССР Ғылым Ака­де­мия­сының тіл-әдебиет институтында қа­зақтың бұқарашыл ақыны Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы 7214 жолдық жаңа мәлімет түсті. Бұл мәліметтерді жинауда М.Көпеевтің жиені Жүсіпов Жолмұрат көп ең­бек сіңірген. Мәліметтердің ішінде ақын­ның Баянауылдан Ташкентке, Бұ­қараға үш рет саяхат жасаған жо­лы, ондағы жол хаттары, 1896 жы­лы қазақ даласында болған ашар­шылық туралы «Жұт» деген, өлер алдында жазған «Қоштасу» сияқ­ты көлемді өлеңдері бар. Жол­мұрат Жүсіповтың М.Көпеевтің то­лық өмірін көрсететін мәліметі жә­не өмірі мен еңбегі туралы очеркі бар». Тағы бір мысал: «Қазақстан­да­ғы ең қарт сайлаушы. Оның жасы биыл 110-да. Семей облысының Абай ауданында «Қызыладыр» кол­хозында тұрады. Биылғы сайлауда Тоқтай шешейдің балаларынан, немере-шөберелерінен 50 адам сай­лауға қатысты. Жиналыста сөз алып, ол былай деді: – Дүниеде ға­сыр­дан артық өмір сүріп келемін. Ме­нің жастық шағым заманның қыс­пағында өтті. Жасым 12-ге кел­генде мені келіншек етіп ұзатты. Той болып, неке қиғанға дейін мен кім­мен қосылатыныма көзім жет­педі. Он бір құрсақ көтердім. Ба­ла­ла­рым тегіс аман өсті. Көңіл жұ­ба­та­рым осы балаларым болды. Бірақ олар да, ол кезде өмірдің қызығын құ­ша алмады. Қызық өмір, сәулетті тұр­мыс тек Совет өкіметі орнағанда ға­на көзге көрінді. Ол кезде менің жа­сым 80-де еді. Совет өкіметі мені қай­та жасартты. Менің балаларым алғаш рет «Қызыладыр» ауыл­шаруа­шы­лық артелін ұйымдастырды. Әйел­дер құлдықтан құтылып, қа­тар­ға қосылды. Германияның жен­дет­тері елімізге бас салғанда мен өзім­нің 40 немеремді елін қорғау үшін майданға аттандырдым. Олар­ға елдің бүтіншілдігін сақтау үшін аянбай күрес деп нұсқау бердім. Не­мерелерім менің бұл өсиетімді орын­дады. Олардың бәрі де орден­дер мен алғыстар алып қайтты. Сайлау деген хабар күнде құ­ла­ғымда. Патша тұсында сай­­­лаудың қалай өткені мәлім. Ол кез­де сайлау былай тұрсын маңына да бара алмағанмын. Сайлау кезінде ел ру-ру болып таласып, тартысып дауысты параға сатып алып жата­тын. Дауысты неғұрлым көп алу үшін сайлауға тізбеге балаларға дейін енгізетін. Кейбір байлардың екі баласы болса, екеуі де болыс­тық­қа таласып, бірімен-бірі қыр­ы­лысып, шабысатын. Ол кезде кедей шаруаның әкім болғанын мен өзім көр­ген емеспін. (Қаз ТАГ). 27.01.1946 жыл. Қазақ радиосы жур­на­лис­тері өздері көтеріп отырған проб­лемалары арқылы қоғамдық пі­кір туғыза отырып, халық пен үкі­мет арасында дәнекер бола білді. Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болғандықтан өткен тари­хы­мызға бүгінгі күннің талап-дең­гейінен қарауға тиіспіз. Демек, ұлт­тық радиожурналистиканың тари­хын толықтыра түсуде Қазақ ра­диосының қызметін зерттеудің өзін­дік орны бар. Радио­жур­на­лис­тика кенже дамыған ғылым бол­ған­дықтан, оның тарихы толық зерт­тел­ді дей алмаймыз. Радиожур­на­лис­тиканы жалпы журналис­ти­ка­ның бір саласы деп танитын болсақ, оны бұдан былай да дамыта беру үшін өткен жылдар тәжірибесінен сабақ алу – заман талабы. Елді қамтыған тарихи про­цес­тер Қазақ радиосы хабар­ла­рының негізгі желісі болды. Идео­логиялық үстемдік етуші пар­тия­ның осы тұрғыдағы нұсқаулары бас­шылыққа алынды. Одақтық ра­дио нені айтса, соны асыра қай­та­лау сарыны үстем болды. Тіпті, шаруашылықтың қандай саласы туралы, не мәселелерді көтеру ке­регі жөнінде Одақтық басшылардан ке­ліп түсіп жатқан нұсқаулардың ха­барлар тігіндісіне қосылған кө­шір­мелері осы пікірді айғақтайды. Қазақ радиосының ішкі құ­ры­лымы мен хабар та­рату жүйесі, техникалық жарақтан­ды­рылуы тұрғысында да көптеген мә­­­селе көтерілді. Тіпті, мен зерт­те­ген кезеңде еңбек еткен радио­жур­на­листердің, радио үйі қыз­мет­кер­лері­нің еңбек тәртібіне бай­ланысты да біраз мысалдар кездесті. Сол тұс­тағы еңбек тәртібінің қатаң­ды­ғы, қойылған талаптың күштілігі сияқ­ты мәселелер бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай жайлар ретінде ес­керіліп, қарастырылды. Эфирден өт­кен шағын мағлұматтардың қы­зықты, тартымды деген біразын ға­на ұсынуға мүмкіндік болды. Ке­зінде 30-40 минуттық қана хабар беру­ден өз жұмысын бастаған Қа­зақ радиосы ішкі, сыртқы құры­лы­мы кеңейіп, өркениетті өзге елдер­мен терезесі тең дәрежеде дүниежү­зі­лік әуе кеңістігіне шығып отыр. Радиожурналистиканың өмір­ге келгеніне бір ғасыр уақыт өтсе де, жас ғылым болып саналады. Өйт­ке­ні радиожурналистиканы ғы­лым ре­тінде мойындау, зерттеу жұ­мыс­тары едәуір кеш дамыды. Қа­зақ ра­дио­журналистикасы жур­на­лис­тиканың жаңа бір тармағы ре­тін­де қалыптасты. Қазақстанның бү­кіл өркендеу, өсу тарихын көзге то­сатын өзгеше ерекшелігі басым са­ла­ның талай сыры мен қырының әлі де соны зерттеулерге тиек бо­ла­ты­ны ақиқат.

Клара ҚАБЫЛҒАЗИНА, Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты