Алматыда 3 жасар баланы жүк көтергіш көлік қағып, мерт қылды

Алматыда 3 жасар баланы жүк көтергіш көлік қағып, мерт қылды

Алматыда 3 жасар баланы жүк көтергіш көлік қағып, мерт қылды
ашық дереккөзі
Алматыда 28 панфиловшылар саябағында үш жасар баланы жүк көтергіш ауыр көлік басып кетті. Алматы қалалық Полиция департаментінің дерегінше, бұл дерек Медеу аудандық полиция басқармасында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабы «Абайсызда өлімге әкелу» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. «Өкінішке орай, үш жасар бала алған жарақатынан оқиға орында көз жұмды. Арнайы техниканың рулінде 1970 жылы туған У. есімді азамат болған. Тергеу басталды», – деп хабарлады полициядан. Оқиға саябақтағы шіркеу маңында болған. Сол ауданда аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.