Межелер айқындалып, міндеттер белгіленді

Межелер айқындалып, міндеттер белгіленді

Межелер айқындалып, міндеттер белгіленді
ашық дереккөзі
Еліміздің барлық өңірінде «Nur Otan» партиясы облыс­тық филиалдарының есептік-сайлау конференциялары өтіп жатыр. Онда атқарылған жұ­мыстардың есебі тың­да­лып, алдағы міндеттер мен ме­­­желер айқындалады. 26 сәуір күні Шығыс Қазақ­стан облысы Күршім ауданын­да­ғы мәдениет үйінде аудан әкімі Д.Қажановтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Күршім ау­дан­дық филиалының кезектен тыс ХХI конференциясы өтті. Жиын­да «Nur Otan» партиясы Күр­шім аудандық филиалының Сая­си кеңесінің 2019-2020 жыл­дары атқарылған жұмыстары қо­рытындыланып, алдағы ке­зең­ге арналған міндеттер анықталды. – Біздің алдымызда бекітілген сайлауалды бағдарламасы мен осы бағдарламаның орындалуын қам­тамасыз ететін Жол картасын уа­қытылы әрі сапалы жүзеге асыру міндеті тұр, – деп атап өтті «Nur Otan» партиясы Күршім ау­дан­дық филиалының төрағасы Д.Қажанов. Конференция жұмысына 47 делегат қатысты. Партия кон­фе­рен­циясында Саяси кеңестің, Сая­си кеңес бюросының жаңа құра­мы бекітілді. Сондай-ақ 2021 жы­л­ғы 6 мамырда өтетін «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс XXV конференциясына деле­гат­тар сайланды. Жамбыл облысы Жуалы ау­да­нын­дағы Қарасаз ауылдық мәде­ниет үйінде де «Nur Otan» пар­тия­сы аудандық филиалының ХХIX есеп беру-сайлау конференциясы өт­ті. Жиында делегаттардың ор­тақ шешімімен Олжас Есалхан­ұлы «Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалының төрағасы болып сайланды. Мұнан соң партия филиа­лы­ның төрағасының бірінші орын­ба­сары Анар Ахметова сөз сөй­леп, саяси ұйымның бастамасы­мен атқарылған жұмыстардың есе­бін берді. Партияның Жуалы аудандық филиалына қарасты 19 бастауыш партия ұйымы, 112 партиялық топ бар. Оларда 4 564 партия мү­ше­сі есепте тұр. Тек биылдың өзін­де партияның облыстық фи­лиалының төрағасы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сай партия қатары ауылшаруашылық және кәсіпкерлік саласында қыз­мет атқаратын 75 мүшемен то­лық­қан. Партияның Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орын­басары сондай-ақ өзі жетек­ші­лік ететін аудандық мәсли­хат­тағы депутаттық фракцияның жұ­мысына да тоқталып өтті. «Nur Otan» партиясынан пар­тиялық тізіммен сайланған 11 де­путаттан тұратын фракция пар­тияның Жуалы ауданы бойын­ша сайлауалды бағдар­ла­ма­сын іске асыруды басты на­зар­ға алған. Бұл орайда фракция мү­шелерінің қатысуымен аталған бағ­дарламаны жүзеге асырудың Жол картасы әзірленіп, ондағы әрбір индикаторлық көрсеткішке жауап­тылар бекітілген. Сонымен қа­тар Жуалы ауданы бойынша сай­лауалды бағдарламаның орын­далуын партияның аудан­дық филиалы жанынан құрылған 7 қоғамдық кеңес өз бақылауына алған. Есепті мерзімде партиялық жо­балар аясында 96 іс-шара өткі­зі­ліп, оған 3 450 адам қатысты. Пар­тия мүшелері елімізде ко­ро­навирус инфекциясының та­ралуын алдын алу мақсатында жа­рияланған төтенше жағдай ке­зінде де мұқтаж азаматтарға кө­мек көрсетті. Өткен жылдың мамыр айын­да Түркістан облысы Мақтаарал ау­данынының су тасқыны сал­да­рынан зардап шеккендерге де жуа­лылық нұротандықтар ал­ғашқылардың бірі болып көмек қо­лын созды. Аймақтың 1200-ге жуық жа­сын біріктірген «Jas Otan» Жастар қа­натының да жұмысы жүйелі жүр­гізіліп жатыр, – деді Пар­тия­ның Жуалы аудандық филиалы төра­ға­сының бірінші орын­ба­сары. Жиында қорытынды сөзді ал­ған «Nur Otan» партиясы об­лыс­­тық филиалы төрағаның орын­басары Мәди Мәтен саяси құрылымның жергілікті жердегі жұ­мысын жетілдіруге қатысты мәселелерге тоқталып өтті. «Nur Otan» партиясының Ба­тыс Қазақстан облысы Бөрлі ау­дандық филиалының кезекті есеп беру конференциясы онлайн фор­матта өтті. Конференция жұ­мысына партияның Бөрлі ау­дан­дық филиалы Саяси кеңесі мен Сая­си кеңесі бюросының мү­ше­лері, аудандық мәслихат депутат­тары, бастауыш партия ұйым­дары­­ның мүшелері, «Jas Otan» Жас­тар қанатының мүшелері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кон­ференция отырысына фи­лиал төрағасы Сатқанов Миржан Мұ­найдарұлы төрағалық етті. Кон­ференцияда партияның ау­дандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарған жұ­мысы туралы есебі және алда­ғы кезеңге арналған міндеттері ту­ралы; партияның аудандық фи­лиа­лының Саяси кеңесі мү­ше­лерін сайлау туралы; пар­тияның ай­мақтық филиалының кон­ферен­циясына делегаттар сайлау туралы мәселелер қаралды. Бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясының Бөрлі аудан­дық филиалы төрағасының бірін­ші орынбасары М.Махауова баян­дама жасады. Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық фи­лиалы Саяси кеңесінің құрамы бекітіліп, Батыс Қазақстан об­лыс­тық филиалының есеп беру-сай­лау конференциясына 5 де­ле­гат сайланды. Қорытынды сөз алған «Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық фи­лиа­лының төрағасы М.Сатқанов ал­дағы уақытта атқарылатын жұ­мыстың маңызына жан-жақты тоқ­талды. Конференцияда күн тәрті­бін­дегі мәселелер толығымен қа­р­а­лып, тиісті қаулылар қабылданды.