Барлық бала бақытты болуға лайық

Барлық бала бақытты болуға лайық

Барлық бала бақытты болуға лайық
ашық дереккөзі
Дүниеге кіршіксіз пәк, қорғансыз әрі риясыз та­за күйінде келетін сәби – әр отбасының мәні мен сәні. Балалы үйді ба­зар­ға теңейтін, жетімін жы­латпаған қазақ үшін сәбидің күлкісі мен шаттығы тіп­ті айрықша бағалы. Сондықтан, мемлекеттің бо­лашағы саналатын балалардың бақытты ортада өсіп, толыққанды өмір сүруін қамтамасыз ету – ұлттық дең­гейде жүзеге асырылуы тиіс міндеттердің негізгісі. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағ­дарламасында қазақстандық балалардың толыққанды білім алып, тиіс­ті дәрежеде өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жа­саудың нақты жолдары жазылған. Парламент Мә­жі­лі­сінің депутаты Әлия Әбсе­метова Партияның сай­лауалды бағдарламасында айтылған бұл міндеттердің мәнін ашып берді. Партияның 2025 жылға дейін­гі «Өзгерістер жолы: Әр аза­мат­қа лайықты өмір!» атты сай­лауал­ды бағдарламасында «Ба­қытты ба­ла­лар» деп аталатын ар­найы тармақ бар. Бұл дегеніміз, мем­лекетіміздегі ба­лалардың ба­қыт­ты өмір сүруі үшін жағ­дай жа­сау партиямыздың басым ба­­ғыт­тарының бірі екенін айғақ­тай­ды. Әлбетте, балалар – біздің бо­ла­ша­ғымыз. Біздің бүгінгі жасап отыр­ған әрбір әрекетіміз, әрбір қада­мы­мыз дәл осы балалардың ұлан-ғайыр қазақ даласында емін-еркін өмір сүруі үшін, олар­дың тиісті білім алып, бақытты ба­ла­лық шақтың бар­лық бал қы­зы­ғын көруі үшін жа­салуы тиіс. Міне, сондықтан, балалар мә­селесін Партиямыз­дың Тө­ра­­ғасы, Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев аса маңызды санап, осы тармақтың жү­зеге асуына көп көңіл бөліп отыр. Жал­пы, ба­ла­лар мәселесі елдегі көп­те­ген маңызды бағыттарды, оның ішін­­де, білім беру, денсаулық сақтау, әлеу­­меттік көмек көрсету, спорт, қо­ғам­дық қауіпсіздік секілді бір­неше са­лаларға қатысы бар екені бел­гілі. Демек, біз балаларымыз­дың лайық­ты өмір сүруін қам­та­ма­сыз ету үшін қоғамның барлық са­ласындағы жұмыстар­дың нәти­же­лі болуына ықпал етуге тиіспіз. Сайлауалды бағдарламада «Біз әр баланың толық­қан­­ды өмір сүру жағдайын қам­та­­­масыз етуді, оның құқықтарын қор­­ғауды, жақсы тәр­бие мен бі­лім алу мүмкіндігін қол­даймыз», – де­лінген. Нақтырақ айтсақ, аталған тар­мақ «Балаларға са­па­лы бі­лім беру», «Балалардың құ­қық­та­рын қор­ғау», «Барлық ба­ла­ға тең мүмкін­діктер» деп атала­тын жекелеген бө­лім­дерден тұра­ды. Алдағы бес жылға ар­налған сай­лауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі арнайы әзір­лен­ген жол картасында аталған бө­лім­дер бойынша 34 бағытта жұ­мыс істеу көз­деліп отыр. Бұл іс-ша­ралар от­ба­сы­лардың әлеумет­тік хал-ауқатын жақ­сарту, баспа­на­мен қамту, білім беру саласын дұ­рыс жолға қою, ме­ди­цинаның ахуалын дұрыстау, қауіп­сіздікті қам­тамасыз ету сынды көп­те­ген са­л­а бойынша жүзеге асырыл­мақ. Партияның сайлауалды бағ­дарламасында бала­лар­дың толыққанды білім алуы­на баса назар ау­дарылып отыр. Олар­дың ішінде не­гізгілеріне тоқ­тала кетсек. 3 жастан 6 жасқа дейінгі ба­ла­ларды мектепке дейінгі тәр­бие­мен және оқытумен қам­туды қам­тамасыз етуді 2025 жыл­ға қарай 100 пайызға дейін жет­кізу көзделіп отыр. Бұдан бөлек, бес жыл ішінде 800 жаңа мектеп салу есебінен апат­ты және үш ауы­сымды мектептер проб­ле­ма­сын шешу және бүгінде ауыл мек­тептеріндегі жоғары жыл­дам­­д­ықты интернетпен қамту дең­гейі 57,3 пайыз болса, белгі­лен­ген уа­қытқа қарай бұл межені 100 пайыз­ға жеткізу мақсат етіліп отыр. Барлық облыстарда, рес­пуб­ликалық маңызы бар қа­ла­ларда, астанада және ірі ау­дан ор­талықтарында спорт сек­ция­ла­ры­ның санын 128 мыңға, ал балалар үйір­мелері 22,6 мыңға жет­­кізіледі деп күтіліп отыр. Тұ­тас алғанда, елі­міздің барлық мек­­­тептерінде спорт­пен айна­лысу мүмкін болмай отыр. Мә­се­лен, ауыл мектептерінде спорт­пен айналысу деңгейі 87 пайыз бол­­са, 2025 жылға дейін бұл көр­­­­сеткіш 100 пайызға дейін өсе­ді. Әлбетте, мен атап өткен жұ­­мыс­тардың тиісті ат­қа­рылуы үшін біз үнемі балалар мә­селесін на­зарға алып, бақы­лау­ды да тиісті дең­гейде ұстап тұ­руы­мыз қажет. Бұл рет­те, білім са­ласының сапасын жақ­сартуды да ұмыт қалдырмағанымыз жөн. Ол үшін бірінші кезекте, ұстаз­дар­дың еңбегін бағалау, осы ар­қылы олардың өз кәсібіне деген ын­та-ықы­ласын арттыра түсу те­тіктерін ұмыт­па­ғанымыз абзал. Мәселен, бұл үшін «Nur Otan» пар­­тиясы мектеп мұғалімдерінің жа­­лақысын арттыру мәселесін жол­ға қойып отыр. Педагогтердің жа­ла­қысын 2023 жылға қарай 2 есе­ге ұл­ғайту (базалық деңгейден 2019 жы­лға қарағанда) арқылы ор­таша жа­лақы мөлшерін 333 мың теңгеге дейін жеткізу алдағы негізгі мін­дет­тердің бірі деп са­наймыз. Еңбек ба­ғалана түскен сайын оның қадірі де арта тү­сетіні бесенеден белгілі жайт. Сол себепті аталған мәселенің шеші­мін тауып, ұстаздар еңбегі тиісін­ше ба­ғаланғаны білім беру сала­сы­ның бірден-бір жетістігі бола­ты­нына кү­мә­нім жоқ. Одан бөлек, оқушылар ара­сындағы буллинг, зор­лық-зом­былық секілді мәселелер бойын­ша кешенді жұмыс жүр­гізу­дің де маңызы аса зор. Бұл тұста, қоғамда болып жат­­қан балалар қауіпсіз­діг­і­не қа­тысты мәселелер де алға шы­ғады. Әл­бетте, балалар ара­сын­дағы бул­линг сынды сырттай қарағанда «аса маңызды емес» проблемалардың ар­ты қоғамдағы келеңсіздіктерге, бұ­зақылық пен сан алуан мәсе­ле­лердің бой кө­теруіне алып келетінін ұмыт­паға­ны­мыз абзал. Балалар қауіп­сіз­ді­гінің өз деңгейінде қор­ғалуы қо­ғамдық тәртіпбұзушылық дерек­тері­нің азаюына сеп боларына се­німім мол. Бұл сайып келгенде ба­лалар тәрбиесіне келіп тірелер мә­селе екені анық. Демек, бала­лар­ды дұрыс тәрбиелеудің өзі сауа­бы мол ортақ іс екенін ескер­геніміз жөн. Осылайша, балалық шақ адам дамуындағы аса маңыз­ды ке­зең екенін естен шығар­май, дәл осы кезеңде негізі қа­ланатын салауатты, табыс­ты, әрі бақытты өмірді қалып­тас­тыруға, ба­ла­лар­дың да­муы­на қолдау көрсетуге ұм­тылу қоғамның стратегиялық мақсаты болып отыр. Осы мақ­сатты орындауда «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін ба­ла қайдан шықсын?» деген Ах­мет Байтұрсынұлын­дай қайрат­кердің сөзін ұдайы есте сақтасақ абзал болар еді.

ӘЛИЯ ӘБСЕМЕТОВА, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі